ҚАЛА АУМАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ ?

Климатының құрылықтылығы салдарынан Қазақстанда электр қуаты мен жылу өте көп жұмсалады. Қалалар бюджетіндегі қаржының тапшылығынан, бағаның күрт өсуінен, тұрғындардың ақы төлеу қабілетінің төмендеп кетуінен, тозығы жеткен энергетика жабдықтарының жедел жаңартуды қажет етуінен тұрғын үйлерге жылу мен электр қуатын үздіксіз беріп тұру қала өкіметі үшін күрделі проблемаға айналған. Бүгінде біздің қоғамымыздың, алдыңда энергия қуатын сақтайтын техника мен технологияны енгізу, энергетикалық нормативтерді жақсарту, тұтынылатын қуатты қысқарту және үнемдеу міндеттері тұр. Бұл елдімекен құрылысына тікелей қатысты, тұтастай ел аумағына орналастыру сияқты елдімекендерді жоспарлауда да жаңа, барынша тиімді көзқарастарды іздестіруді негіздейді.

Кешегі Кеңестер Одағы кезіндегі алдымен өндіріс орның ашып, содан кейін сол жерге қалалар мен поселкелер салатын қоныстандырудың бұрмаланған социалистік қағидасы ел аумағын адам факторы ғана емес, сонымен бірге қоғамды дамытудың нарықтық факторы да ескерілген Австралияның немесе Канаданың үлгісімен дұрыс орналастыруға мумкіндік бермеді. Жаңағы елдерде адамдар өмір сүруге және өндіріс жүргізуге қолайлы, табиғаттық-климаттық жағдайы жақсы жерлерге «тартылып», жинақы орналастырылған. Ал қалған ауқымды арктикалық (Канада) немесе шөлейтті (Австралия) жерлер негізінен вахталық әдіспен игерілді. Айтқандайын, бұрындары табиғи жағдайы қысылтаң ауданда жүргізілген өктем саясат салдарынан жыл сайын «солтүстік тасымалы» проблемасына тап болып, көп мөлшерде қаржы шығындап келеді.

Жоғары дамыған елдерде аксиома ретінде танылған көзқарас біздің отандық елдімекен құрылысына жобалау мен құрылыстың жоғары шығынды жолымен баяу жүре отырып, қиын енгізілуде. Бұл орайда қазір Атырау облысы басшылығының іс-әрекеті жақсы мысал боларлық. Олар Каспи теңізінің су басып кететін аймақтарындағы сапалы ауызсумен каматамасыз етілмеген, қарапайым тұрмыстық жағдай да жасалмаған «дағдарысты» поселкелер мен ауылдардың тұрғындарын облыс орталығы — Атырау қаласына көшіруді шындап колға алған. Осы мақсатпен тозығы жеткен тіректерді бұзып, инженерлік жүйелермен және әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілермен жабдықталған аз қабатты, тығыздығы жоғары муниципалды тұрғын үйлер салу жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Солайша, тұрақты даму сипатына ие болу үшін Атырау қаласы мұнай кәсіпшіліктері төңірегіндегі вахташылар поселкелерімен қоса облыстың негізгі тіректі орталығының алдымен сандық, сонысын сапалық салмағына кол жеткізуі тиіс. Бұл аймақта іс жүзінде ауқымды саяси және әлеуметтік міндеттер шешілуде. Негізінен жергілікті тұрғындардан кұралған мұндағы адамдар «үлкен мұнайдың» келуінсіз де болып жатқан оң өзгерістерді айқын сезінуде. Бүгінде энергия қуатын негізгі пайдаланушы қалалар екені даусыз, сондықтан қала тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталатын қаржы мен ресурстардың үнемделуі оның кеңістіктік құрылымын қалай дұрыс ұйымдастыратынымызға және функционалды аймақтандыра алуымызға байланысты.

Қала аумағының жинақылығы мен тығыздығы идеясын іске асыру жолындағы енді көп ретте қала орталықтары мен тұрғын аудандарға жақын маңдағы жақсы жерлерді алып жататын көлемді өнеркәсіп аймақтарына деген басқаша көзқарас пісіп-жетілді. Дамыған Батыс елдерінде олардың орнына қала 6юджетіне қосымша кіріс кіргізетін жоғары табысты тұрғын үйлер мен іскерлік орталықтары пайда болды. Елдімекен құрылысындағы мұндай жаңалықтың артықшылығы — оларға ешкімді қоныстандырып, ешкімге пәтер берудің қажеті жоқ, көше-жол және инженерлік жүйелер әлдеқашан дайын, энергиямен жабдықтау кездері қасында, жақсы сақталған өнеркәсіп ғимараттарын үлкен шығынсыз-ақ спорт және мәдени-демалыс орталықтарына айналдыруға болады және тағы басқалар.

Сәулетшілер мен қала салушылар еліміз егемендік алған он жылда алғаш рет өткен жылдың күзінде Атырау қаласында болашақ мұнайлы өңір астанасының жаңа бас жоспарының тұжырымдамасын әзірлеуге арналған пленумдарына жиналды.

Инвестициялардың көп құйылуы кезінде әлеуметтік жағдай құлдырап кеткен қаланың екінші тынысының ашылуына мүмкіндік берді. Елдімекен құрылысының проблемаларын дұрыс түсіну мен тұрғын үй-азаматтық құрылыс, инженерлік-көлік инфрақұрылым және басқа мәселелердің жедел шешілуі «Бас жоспарды әзірлеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының құрылуымен және отандық елдімекен салушылардың шақырылуымен шешімін тапты. Пленумға қатысушылар Атыраудың мысалынан бір жылға жетер-жетпесте қаланың және оның кұрамдас элементтерінің перспективалық дамуының негізгі ережелерін қалай айқындауға болатының өз көздерімен көрді.

Облыс пен қала әкімшілігінің Атыраудың орталық аудандарындағы бүлінген, кұндылығы төмен тұрғын үй қорын «кейінге» қалдырудан сақтануы аумақтарды жаңа жағдайда қала салуға игеруде қатарлас жатқан жерлерге нарыққа дейінгі өктем саясаттан бұзу және қайта қалпына келтіру арқылы қаланың ескі кварталдарын қарқынды игерудің нарықтық энергия қуатын сақтаушы саясатына дейінгі көзқарасты айқындады. Біздің қалаларымызды дамытудағы басымдылықтардың мұндай алмасуының қисындылығы барынша айқын, атап айтқанда мынадай айқын дәлелдемелермен түсіндіріледі:

Қалалардың нарықтық ақиқат ескеріле отырып жинақы дамытылуы оның ресурстық сыйымдылығын, қор қайтарымын және тұтастай алғанда қала шеңбері шегінде тауар өнімдерін өндіру мен қызмет көрсетуден, сондай-ақ ақша қаражаты айналымының шапшаңдығынан түсетін табысты арттырады.

Білікті қазылардың көмегімен осы заманғы және кешенді әзірленген ансамбльдердің пайда болуына жәрдемдесетін жақсы шешімдерді айқындай отырып, біздің қалаларымыздың ең маңызды елдімекен құрылысы жүйелерінде ашық және тапсырысты бүкілқазақстандық конкурстар өткізу қажет. Бір қарағанда уақыт жағынан да, қаржы жағынан да шығынды болып көрінетін мұндай конкурстар жүйесі шындығында үлкен үнемге айналады, ең бастысы елдімекен құрылысының көп ретте кейін түзетуге келмейтін ойластырылмаған «бұлдыр жобасынан» аулақ болуға мүмкіндік береді. Мәселен, бұрын әзірленген және бекітілген бас жоспардың ескерілмеуі мен елдімекен құрылысы жобаларының болмауы Атырау қаласының үлкен бөлігінде ойластырылмаған, құнды тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың Жайық өзенінің аумағына жақын салынуына әкеліп соктырды. Енді соның салдарынан қаланың көрікті орыны саналатын кең жағалаулар мен Жайық өзеніне шығыстарды іске асыру жолында жаңағы жүйелерді бұзу, көшіру, өтемақы төлеу және басқалар үшін басқа мақсаттарға қажетті қаржы ресурстарын қарастыруға тұра келеді.

Қазақстан аумағындағы қоныстандырудың бугінгі таңдағы қалыптасқан жүйесі ондаған жылдар бойы билік құрған көзқарастын нәтижесі. Ол көзқарасқа сәйкес пайдалы қазба орындарының көздеріне байланған өндірістік күштердің аумақтық ұйымдастырылуы айкындаушы болатын, яғни өндіріс пайда болған жерге ондағы табиғи-климаттың қолайсыздығы мен экологиялық жайсыздығына қарамай ондаған мың адамды қоныстандыратын. Сөйтіп, шахталар мен кен орындарына, металлургиялық және басқа зауыттарға жақын орналасқан поселкелер мен қалалар пайда болды.

Қазақстанның аумағында елдімекен құрылысын игерудің мемлекеттік деңгейде парасатты құрылған стратегиялық бағдарлама түпкі нәтижесінде ауқымды материалдық және қаржы ресурстарын үнемдейді. Осы уақытқа дейін елді қоныстандырудың бас сұлбасының болмауы Жаңатас, Қаратау, Арқалық, Текелі, Абай, Шахтинск сияқты жекелеген дағдарысты қалалардың ғана емес, сондай-ақ үлкен аймақтардың да пайда болуы қаупін туғызады. Сондықтан ондай бос сұлбалар ғылыми-зерттеу және жобалау институттарын, елдің мемлекеттік басқару органдарын қатыстыра отырып, қатаң ғылыми негізде жасалуы тиіс. Шаруашылықтың аумақтық құрылымын нарықтық механизммен сәйкестендіру, яғни аумақ бойынша шашыратуды тоқтату, күш-жігерді жоғары сапалы өнім өндіру үшін жеткілікті жоғары әлеуеті бар халық шаруашылығы кешендерінде шоғырландыру қажет.

Қытай реформаларының даналығы көп ретте олардың айтарлықтай қолайлы жағдайлы аймақтарда жақсы инвестициалық климатымен қоса арнайы экономикалық аймақтар құра отырып басталуына саяды. 1980 жылы құрылған 5 айрықша экономикалық ауданның (АЭА) Гонконгпен, Макаомен және Тайванмен көршілес болуы, ал Шеньчжень және Гонконг АЭА-ның тұтас бір мегаполис болуы кездейсоқтық емес. Ол АЭА-дың бәрі дерлік (олар қазір онна астам) теңіз жағалауына «байлаулы» және шетелдік «хуацяо» қытайлардан көрі Батыс және Азия инвесторларына басым ашық.

Проблемалары жағынан бізге жақындас көршілес Ресейде қиындықтарға қарамай мақсатты елдімекен құрылысы бағдарламары тұтастай ел бойынша ғана емес, сондай-ақ жекелеген аймақтар мен ірі қалалар бойынша да сәтті әзірленуде. Қазақстанның аумағын солтүстікжәне оңтүстік «күн» белдеуін басымдылықты дамытумен елдімекен құрылысына аймақтандыру саясисипатқа да ие. Көші-қон – қоныс аудару қызметімен бірлесе отырып дәйекті де тиянақты ойластырылған оңтүстік белдеуді қоныстандыру стратегиясы болашақта шығыстағы көршінің аумақтық талаптануына табиғи тосқауыл жасайды. Ресейдің Приморье өлкесі қазірдің өзінде Қытайдың халық көп орналасқан солтүстік-шығыс провинциаларынан үлкен қысым көруде. Егер қоныстандыру жөніндегі шұғыл шаралар мемлекеттік деңгейде қабылданбаса ондай жағдай дамыған гидрографилық жүйелі, елеулі жылдық ылғал деңгейі бар тау бөктеріндегі жазық түріндегіаумақтық үлкен резерві бар Қазақстанның шығыс шекараларына да қауіп төндіреді.

Үлкен кеңжазық даласы бар Қазақстан үшін Талдықорған-Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент аймақтық қоныстандыру өзегін, яғни Орталық Азия қоныстандыру аймағын құру ақиқатқа айналдыруда. Ол қолайлы табиғи-климаттық жағдайлы Ұлы Жібек жолының керуен сүрлеулеріндегі тарихи қалыптасқан ежелгі қоныстану белдеуі.

Жаңа Елорда-Астана қаласы орналасқан Солтүстік Қазақстанның қоныстандыру жүйесіне келетін болсақ, солтүстік  қоныстандыру белдеуінің пайда болу мүмкіндігі бар. Оған салыстырмалы дамыған көліктік-инженерлік жүйе, ірі  өнеркәсіп орталықтары мен оларды қоршаған және орташа қалалар топтары, мол су, энергетика және табиғат ресурстары ықпал етпек.

Әрине, оңтүстік жене солтүстік қоныстандыру белдеулері өздерінің барлық параметрлері бойынша белгілі әлемдік мегаполистермен салыстыруға келмес, бірақ 15 миллион халқы бар Қазақстанның жағдайы үшін олар жеткілікті елеулі және терең зерделенуі тиіс.

 

Құрылыс әлемі #3/4/2002 – журнал — Мир строительства (10)

Н. Аужанов

Предыдущая запись Энергосбережение в градостроительстве, как актуальнейшая государственная проблема
Следующая запись Каким будет Кокшетау

Ваш комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.