Елорда ертеңге лайық болсын

Өмірдерек

Алматыдағы қазақ политехникалық инсти­тутының сәулет факультетін тәмамдаған соң қызметті «Қарағандыгорселызроект» институтында бастаған. Ұжымдық авторлармен Қарағанды, Жезқазған, Сарань қалалары, Қаражал, Ағадыр кенттеріндегі ірі жобалау жұмыстарына атсалысты. 1978-82 жылдары Ленинградтағы инженерлік-құрылыс инсти­тутының қалақұрылысы кафедрасы жанындағы аспирантураның күндізгі бөлімінде оқып, РСФСР-ға еңбек сіңген сәулет док-торы А.И.Наумовтың жетекшілігімен сәулет ғылымының кандидаттығын қорғады.

«Алматыгенплан» мемлекеттік жобалау институтының бас архи­текторы міндетінде Алматы қаласында ірі жобалау жұмыстарын жасады, 1997-98 жылдары «Аққорда» жобалау-құрылыс компаниясы құрамында Ақмоланың бас жобасын жасауға қатысты. Қазіргі кезеңде «Астанагорпроект» институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.

Маусым айының алғашқы күндері бас қалада «Астана — прыжок в XXI век» кітабы жарықкөрді. Авторы Нұрбек Аужанов — сәулет ғылымының кандидаты.

Қазақстанның елордасын өркендетуге байланысты өзіндік пікірді оқырманға ұсынған қалақұрылысының маманы.

Қазақ елі астанасының құрылысы елім деген азаматын толғандыратыны белгілі. Осы ретте Нұрекеңнің әрі қалақұрылысының маманы, әрі өз елінің перзенті ретінде болашақ қамынан сырт қалмай, пікірін көпшіліктің талқысына салуы әбден орынды. Автор еңбегінде тақырыбы ауқымды, күрделі мәселелерді қысқа да нұсқа тілмен жеткізген. Қазақстан қалаларының салыну тәжірибесіне көз жүгіртетін болсақ, бүгінде олардың бәріне ортақ проблемалар — қала аумағындағы ескі үйлер, тар көшелер, тозған жолдар, жамалған инженерлік инфрақұрылым, ластанған ауа, көше мен үйлер астындағы қалқыған су, жетпей жатқан ауыз суы.

Жаңа елорда алдында бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселе — тұрғындарды ауыз сумсн қамтамасыз ету, құрылыс алаңдарын судан қорғау, топырақ қабатындағы суды табиғи арналарға бұру, шайынды судың тазартқыш . . . . . . . .

 Орданың ең өзекті тұстары осы болғандықтан қаржының басым бағыттары мен шетел инвестициясын осы арнаға бағыттаған дұрыс деген пікір айтылады.

Астананың бас жобасына жарияланған бәйгені жапон сәулетшісі К.Курокава жеңіп алды. Енді қаланың жаңа бөлігі Есілдің жағалауында орналаспақ. Ал Н.Аужановтың пайымдауынша, сол жағалау сортаң және топырақ қабатының су деңгейі жоғары. Қалаңы бұл жерде орналастыру Астана мен жақын аумақтың экологиясына әсер етеді. Себебі американ ғалымдары батпақ, сордың ауа бассейнін ылғалдандыруға, тазартуға себеп болатындығын дәлелдеген. Егер оны құрғататын болса басқа арадан аумағы төрт есе үлкен сор жасау міндеттеледі. Ендеше инженерлік жүйе ғимараттар мен қондырғылардың іргетасы үшін топырақ қабатының суы мол сол жағалауға қала салу қажет пе?

Қаланың даму бағыттарын зерттеп, әлемдік астана салу тәжірибесімен салыстыра отырып, Астананың құры­лысын бес тарапта өркендету мүмкіндіктері талданған.

Ескі жоба бойынша салынған қала құрылысын зерттей келе Н.Аужанов игерілген учаскелерді тиімді пайдаланудың орнына тың жерлерді шабуылдап, тұрғын үйлерді сол араларға орналастырудың белең алғаның сипаттайды. Шашыраңқылықтың салдарынан инженерлік инфрақұрлым, жол жүйесі, тұрғын үй кешендері тез тозады. Сондықтан автор ендігі құрылыс этектр желілері, су, газ құбырлары тартылған, жолы салынған аулалар арасындағы бос жерлерді, сондай-ақ, Астана келбетіне келісті көрік қоспайтын ескі саман үйлерді сырып орнын пайдалануға, өз кезегінде бұл ауа райы қатаң жергілікті аймаққа сәйкес келетінің дәлелдейді. Мұның тиімді тағы бір жағы —  инженерлік жүйеге жұмсалатын шығын азаяды, қала ішіндегі жол қашықтығы қысқарады. Түпкі нәтиже — Астана аумағында шығарылатын тауар мен көрсетілетін қызмет бағасының арзандауына әсер етеді.

Дамыған елдердегі жер аумағының құны өте қымбат. Мысалы, Манхеттенде бір гектардың құны 35 млн. доллар, Токионың орталығында бір гектар 3 млн. доллар тұрады екен. Ал Аста­на тұрғындары үшін бүгінде спорт, демалыс, денсаулық сақтау нысандарын салуға қажетті жердің қат екеніне қарамастан, өндіріс орындары алып жатқан аумақ жан басына шаққанда 45 шаршы метрден келеді. Дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 18-20 шаршы метр. Көршілес мемлекеттермен салыстырғанда жерге деген ұқыпсыздықты мынадан көруге болады, қойма және өңдіріс орындарын алып жатқан аумақ Мәскеудің 20 процентің, Минскінің 13,1, Ташкенттің 12, Душанбенің 9,7, Бакудің 25, Алматының 15 процентің алып жатыр. Астанадаға бұл көрсеткіш — 50 процент!

Еліміздегі бірқатар нысандардың авторы Н.Аужанов болашақ қала құрылысы туралы жан-жақты тұжырымдар келтірген. Олар — топырақты жерсінген ағаш түрлерін отырғызу, қала сыртынан айналма жолдар салу, туристерді тарту үшін маңайдағы қоршаған ортаға қамқорлық жасау, демалыс орындарын ұйымдастыру. Сондай-ақ, неге қаланың тұрғын аудандары құрылысын белгілі бір тарихи — революцияға дейінгі, тың орталығы, Еуразия орталығы секілді кезеңдерге бөліп көрсетпеске? «Самал», «Әл-Фараби» атаулары жалғасын тауып, тарихи әрі мағыналы «Орда», «Шаңырақ», «Тұран». «Есіл», «Бурабай» шағын аудандары құрылса, Бишкектегі «Манас» әуежайы секілді Астанадағы әуе қақпасы Алпамыс не Қобыланды есімін алса, 25 қабатты қонақ үй «Оқжетпес» деп аталса тарих келер ұрпақтың санасына сіңе беруші еді.

В.Бояркин басқаратын «Астанагорпроект» институтының демеушілігімен жарық көрген ғылыми-көпшілік еңбек тың ұсыныс, өзіндік пікір, ғылыми дәлелді тұжырымдармен оқырманын жетелеп отырады. Бұл республика астанасын қалай салу, дамыту керектігі туралы жарық көрген тұңғыш көлемді еңбек. Намысты қолдан бермеуге тырысқан, елім деп еңіреген осындай азаматтар еңбегі қолдауға тұрарлық.

Жанғали ХАСЕНОВ, «Астана ақшамы».

1 шілде 2000 жыл (2 бет)

Предыдущая запись Международный конкурс на эскиз-идею генплана развития Астаны
Следующая запись Территориально-планировочная структура города

Ваш комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.